Гостиницы в Алматы
2017-12-14 17:22:12 17 0

24 желтоқсан күні Астана қаласында «Astana Winter Marathon-2017» марафоны өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде турнирдің ұйымдастырушылары хабарлады. Аталмыш жарыс үш қашықтық бойынша өткізіледі: классикалық марафон – 42 шақырым195 м, жартылай марафон – 21 шақырым және 10 шақырымға жүгіру.

ҚР жеңіл атлетика Федерациясының айрықша мәселелер бойынша кеңесшісі Оксана Хашагульгова «Astana Winter Marathon 2017» Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудағы тағы бір кезең екенін айтып өтті.

Еліміздегі марафондардың танымалдығы жылдан жылға артуда. 2017 жылы Қазақстанда Астана, Алматы, Атырау, Рудный, Қарағанды қалаларында жалпы саны 6 марафон өтті. Оған шамамен 30 000 адам қатысқан.

Пікір жазу