Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәли Толтаев, ал 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәлидің інісі Санатәли Толтаев жеңіске жетті. Саматәли финалда ринг қожайыны, тайлық Сакда Руамтамды жеңсе, Санатәли өзбестандық Билобек Мирзарахимовтан басым түсті.
Ал күміс жүлде Данил Семёнов (91 кг) пен Нұрдаулет Ұланұлына (+91) бұйырды. Айбек Досанов (52 кг), Елдияр Камчибеков (81 кг), Бахтияр Смағұлов (56 кг) пен Аят Маржикпаев (75 кг) қола медальді қанжығаға байлады.
Айта кететіні, Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Ал бес алтынға қол жеткізген Өзбекстан командасы бірінші орынға шықты.