Гостиницы в Алматы
2017-12-14 10:55:33 18 0

Елімізге еңбегі сіңген спорт шебері, боксшы Серік Сәпиев Қарағандыда көтеріліске шыққан кеншілерге қолдау білдірді.

Бұл жайында ол: «Менің әкем кенші. Бұл жұмыстың қандай қиын екенін бір адамдай білемін. Сондықтан, қашан да кеншілерді жақтаймын. Жұмыс жанжалдарын реттеуден көрі, ескерту жасау оңай. Кеншілердің көтеріліске шығуы еліміздің барлық тұрғындарын алаңдатып отыр. Бұл жағдай негізгі мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында болғаны өкінішті. Демек, бұған дейін оларға құлақ аспаған. Яғни, бұл Лакшми Миттал мырзаның Қазақстанға келуге себебі болып тұр. Мұның мемлекеттік емес, шетелдік инвестордың компания екенін ескерген жөн», - деп жазды өзінің әлеуметтік парақшасында.

Пікір жазу