Гостиницы в Алматы
2017-12-26 12:55:16 202 0

31 арна тілшілері басы дауға қалған Төреғалидің Талдықорғанда өткен концертіне барып, әншімен сұхбаттаспақ болыпты. Алайда, концертті ұйымдастырушылар мен әншінің әкесі журналистерге кедергі болған деп хабарлады nur.kz  31 арнаға сілтеме жасап.

Павлодарда өткен концерт үлкен дау-дамайға ұласып, көрерменге зекіп сөйлеген Төреғали халықтың сынына ұшыраған болатын. Осы даудан соң 31 арна тілшілері Төреғалидан сұхбат алмақ болып, оны Талдықорғанда өтетін концертіне іздеп барған. Бірақ әншінің әкесі былатып сөздер айтып, журналистер сұрағына жауап берген жоқ.

Сондай-ақ, әншінің өзі де тілшілердің алдына шығудан бас тартқан.

Пікір жазу