Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында «Құнанбай» атты көркем туынды дүниеге келді. Бұл Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсыновтың режиссерлығымен өмір есігін ашқан екінші ауқымды дүние. Қазақтың біртуар перзенті Таласбек Әсемқұлов пен Досқан Жолжақсынов бірлесіп жазған киносценарий талғампаз көрерменге жол тартты. Қоюшы операторы Рифкат Ибрагимов, қоюшы суретші Рустам Одинаев, композиторы Төлеген Мұхамеджанов. Мен айтқан жолаушылар көші Құнанбай фильмінің дүниеге келуіне қол ұшын тигізіп, тынбай еңбектенген қазақтың өнер жанашырлары еді. Ал, қапияда көз жазып қалған жолаушымыз әрине Таласбек Әсемқұлов. Құнанбай тақырыбын кеңінен қаузап, тереңінен толғаған есіл тұлға өкінішке орай фильмнің тұсаукесер рәсімін көре алмады. Ойда жоқта, өмірден озған қарымды қаламгер, күйші көркемфильмнің монтаждалған нұсқасын көріп, көзіне жас алып ризашылығын білдіріпті. Амал қанша Таласбекті енді өзі дүниеге әкелген туындыларынан ғана іздейтін боламыз.
«Құнанбай» көркемфильмінің тұсаукесер рәсімін көруге жиналған қалың көпшілікке қарап қазақ халқы «Құнанбайын» іздейді екен деген қуанышты ойға қаласың. Туындының бас қаһарманы «Құнанбайды» бейнелеген фильм режиссері Досхан Жолжақсыновтың өзі екенін айта кеткеніміз жөн. Жолжақсыновтың Құнанбай ұлтының қамын ойлаған қайраткер, ар, намыс, иманын серік еткен сом тұлға. Көркемтуындыны соңына дейін зейін қойып мұқият қарасаңыз «Қодар мен Қамқаның» өліміне Құнанбайды кінәлауға қақыңыз жоқ. Оның бұл шешімге шариғат жолына сүйеніп, Ахмет Риза әзіреттің пікіріне ден қойып, көппен келісіп, мың толғанып, жүз ойланып мәжбүрліктен барғанына сенесің. Өйткені фильмнің кейінгі бір көрінісінде арын таза ұстаған иманы берік ұл көсемі екеніне илануға тиіссіз. Кеңес одағының дәуірінде Әуезов оны барынша қатыгез, қатал, Абайға қарама-қарсы бейне ретінде көрсетуге мәжбүр болды.
Романды оқып отырып, Құнанбай болмаса, Абай өмірлік мақсатына жететін еді деп, Абайдың бүкіл ісіне қарсы болып отырған тек қана Құнанбай болып көрінетін. Құнанбайдың қарымы, жүргізген билігі, шығарған үкімі Абайға қарсы бағытталған сияқты. Ал тарихи шындыққа келсек, Абай ешқашан да өзінің әкесі Құнанбайға қарсы шығып көрген емес. Абай Құнанбайдың арқасында ақындықтың биік шыңына көтерілді. Құнанбай 1886 жылы қайтыс болғаннан кейін Абай: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деп жырлаған болатын. Сондай-ақ «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі де сол кезде шыққан. Абай әкесі дүниеден озып кеткеннен кейін барып өзін жалғыз сезінген. Ақынның жалғыздығы осы кезден басаталады. Ал, бүгінгі күні Құнанбайдың болмысын жасаймын деп Абайға бейнесін де ұмыт қалдыруға қақымыз жоқ. Фильмде бала Абайды көрсетсек те, оның мінез қырларына, өрелілігіне аса ден қойып болашақ ұлы ойшыл екеніне мән беріп соған көрерменді сендіру ұмыт қалған секілді. Романның әке мен баланың арасындағы қайшылыққа құрылуын ескерсек, Құнанбайдың бейнесін ашуда Абайдың да атқарар рөлі зор екенін аңғарар едік. Кейінгі жылдары жарық көрген қазақтың көркемтуындыларында әйел адамның болмысы, толыққанды ана бейнесі көрініс таппайтыны біздің үлкен кемшілігіміз іспетті еді. Ал, бұл фильмнің басты табысы Зере әженің бейнесі.
Зере образы – Нұрсифат Салықова cомдауында экрандық ғұмырының шамы жанған кейіпкер деп айтуға толық негіз бар. Зайырлы Зере ана Құнанбайдың ақылшысы, бағыт бағдар беретін темірқазығы іспетті. Құнанбайдың басына іс түскенде атқа мінген халқының ұйытқысы, ар-ұяты сынды абзал ананың бейнесі көрермен жүрегінен мәңгілікке орын алары сөзсіз. Құнанбайдың итжеккенге айдалып, тергеуде отырғанында «Кенесары» туралы айтатын құнды ойлары өте орынды алынған тарихи деректер.
Атағы алты алашқа аян әйгілі аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының жанында кез-келген істе ақыл-кеңес қылатын, арқа сүйеген сенімді серіктері болған. Солардың ішінен ойып орын алатын, туған баласындай болып кеткен Ізғұттының өзіндік орны ерекше. Ізғұтты жайында осы уақытқа дейін белгілі ақын-жазушылар, көне көз шежірешілер елімізге танымал газет-журналдар мен жинақ-кітаптарда бірқатар мақалалар мен еңбектер жариялады. Бірақ фильмде Ізғұтты бейнесін көре алмады. Бұл әрине ежиссердің немесе сценарий авторының кемшілігі дей алмаймыз. Режиссер мен автор қала көрді, қалай пайымдады біз өнер иелерінің жүрегіне әмір ете алмаймыз. Мүмкін Ізғұттының атқара қызметін, Зере анамыз атқарып тұрған шығар. Дегенмен, бір жарым айдың ішінде осындай ауқымды туындыны дүниеге әкелу үлкен ерлік. Бойға жігер, көзге жас әкелетін фильмнің кейбір эпизодтарын да атап өтуіміз керек. Мәреге таяп қалғанда бәйгесі құлап-жығылса да, жүгенін қолына ұстап жаяу жүгіретін бала, Зеренің Құнанбай итжеккенге айдалып бара жатқанда атқа мініп, шауып жетіп айтатын сөзі, Құнанбайдың қамаудағы ойына келетін өткен күннің көріністері, Сарыбайды арқанмен матап, ат үстінде сүйрей жөнелетін сәті туындыға көркемдік қуат берген суреттер деп бағалауымыз керек. Оператордың жұмысы да аттардың шабысы, судағы суреттер, табиғат көріністері т.б сәттерде фильмге ерекше сипат беріп тұрғандай әсер қалдырады. Төлеген Мұхамеджановтың талғамынан туған әуезді әуендер фильмнің әр сәтімен әдемі үйлесімдік тапқан. Фильмде тарихи кейіпкерлерді кескіндеу арқылы облыстық театрлардың, жалпы қазақ театрларының ақсақал актерлерінің бейнесінің бедер алуы қуантады.
Кино ұлттың айнасы, жансарайы. Кино саласы уақыт еркіндікгін қажет етеді. Бір жарым ай, жарты ай, он бес күн деген мерзімге ықшамдау біздің пайымдауымызша өте қате уақыт кеңістігі. Себебі, өмірді өнерге айналдыруы үшін, өнер адамдары сол оқиға арнасына сіңіп, өңменінен өткізіп сол мекенде өмір сүріп, сол деммен тыныстауы керек. Ал, біздің бүгінгі экрандағы сериалдар, фильмдер уақыт әміріне жүгініп шолақ, олқы көрініс тауып жататыны ақиқат. Сөз құдыретін де сезінбей, мәтіннен оқығанын мәнерлеп айта беретініміз де осының айғағы. Құнанбайдың осы сыннан сүрінбей өтуінде қазақ театрының саңлақтарының бой көрсетуіне толық байланысты. Кесек тұлғаларымыздың бейнесін ашып, тарихқа таңбалау үлкен жеңіс. Біз Құнанбайды толыққанды танып үлгермедік, бұл туынды Құнанбайға апарар жол ғана. Қазақ халқы Құнанбай туралы әлі де тың деректер мен көркемфильмдерді дүниеге әкелері сөзсіз. Себебі Абай жолында баяндалған оқиғалар Абайдың тікелей өз басынан өтпегенімен де, Құнанбайдың басынан өткен, яғни көшпелілер әлемінде болған оқиға. «Абай жолында»: «Уа, қу, кер заман! Менің маңдайыма сені берді ғой. Адымымды аштырмадың. Қашан еркіндік бересің?!» – деген Абайдың сөзі бар. Автор мұнда Абайдың аузымен өз ойын жеткізіп отырған жоқ па?! Егер кейін өзгертулер енгізілмеген болса, бұл роман дәл осындай биік дәрежедегі Абай айналасындағы көркем шындыққа құрылған роман болар еді. Ал кейін қосылған өзгерістер тағдыры мылтықтың ұшына ілініп тұрғанда зорлықпен жазылған» – дейді зерттеуші, Абайтанушы Тұрсын Жұртбай. Демек, Құнанбай Әуезовтің айта алмаған шындығы деуге толық негіз бар. Көркемфильмнің финалында бала Абайды Құнанбай Мешіт орналасқан мекенге, тауға қарай жол көрсетіп, өзі қол бұлғап қала береді. Бала Абай биік төбені бетке алып кете барады. «Абайдың шыққан биігі, Құнанбайдың иығы».
Мирас Әбіл
Әшірбек Сығайдың шәкірті
namys.kz