«Орда» тобы «Turkvizyon-2015″ Ұлттық іріктеуінің финалына жолдама алды.
Естеріңізге сала кетсек, 6 қараша күні, Астанада, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық іріктеуінің жеңімпазы анықталады. Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, үшінші халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін үздік әнді анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән, бұрын Түркі халықтарының тілінде еш жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек. Байқаудың Гранд-финалы Түркияның Стамбул қаласында өтеді.
Былтыр Жанар Дұғалова еліміздегі Ұлттық іріктеуден өтіп, халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды.



Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS