Жаңалықтар

Головкин шаршы алаңға сәуір айында шығады

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуір күні шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер кезекті жекпе-жекті Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өткізу туралы өтініш беріп үлгерген. Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.

23 сәуір күні Геннадий Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың бірі — Туреано Джонсон. Багам аралдарының 31 жастағы өкілі IBF чемпиондық атағына міндетті үміткерлердің бірі. Сонымен қатар, GGG менеджері қазақстандық боксшыға қарсылас ретінде Билли Джо Сондерсті де атап отыр. Дегенмен, 26 жастағы боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшеріне келіспей отыр. Ал спорт сарапшылары ұлыбританиялық боксшының бұл қылығын «жеңіс үшін емес, тек ақша үшін жұыдырықтаспақшы, жеңіліс табарын жақсы біледі» деп бағалап отыр.

WBC бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір жекпе-жектен өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеуі тиіс. Болжам бойынша, Головкин мен Альварестің шаршы алаңдағы шайқасы 2016 жылдың қыркүйек айында өтеді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2015 жылдың қорытындысы бойынша көптеген танымал басылымдар рейтингінде жылдың үздік спортшысы ретінде танылды.

© Мassaget.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

js6GyFGS9zM

KeshYou-дің мерейтойлық концертіне Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденова қатыса ма?

905 рет оқылды20.01.2016
cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

559 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

774 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

1 174 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 974 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

1 194 рет оқылды19.01.2016