Жаңалықтар

Қазақстандық «Шлагбаум» фильмі Мароккода өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» фильмі Мароккода өткен Халықаралық фестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің бағдарламасына 15 толықметраджы фильм қатыстырылды. Қазылар алқасының төрағасы америкалық белгілі режиссер Фрэнсис Форд Коппола болды. Ол «Оскар» жүлдесін алты рет иеленген. Жасұлан Пошанов сол кісінің қолынан жүлде алды. Сонымен қатар, қазылар алқасында актриса әрі сәнгер Ольга Куриленко болды.

«Шлагбаум» фильмі заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді. Әлеуметтік драмада қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Фильм өмірде болған оқиғаларға негізделген. Онда қоғамдағы байлар мен кедейлердің арасындағы оқиғалар баяндалады.

Айта кетейік, Мәскеуде өткен Халықаралық фестивальде картина негізгі бағдарламада көрсетілген болатын. Ол кезде басты рольді сомдаған Еркебұлан Дайыров «Ең үздік актер» номинациясын жеңіп алды.

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
97 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

"Орда" тобы Turkvizyon байқауында екінші орын алды

«Орда» тобы Turkvizyon байқауында екінші орын алды

84 рет оқылды20.12.2015
And96Hl8fwbNcxmkWgrhFHhkCFGV8j-4plKP7Kd_U0pj

Прайм-Плазадағы оқиғадан соң аузы күйген Қайрат Нұртас концертіне 2700 күзетші шақырды

302 рет оқылды19.12.2015
hi-res-632e258c1df7021b48469537c92a2e27_crop_north

Марко Холл: «Канело Головкиннен қорқады»

116 рет оқылды19.12.2015
photo_23029

Қазақстандық фильм Қырғызстанда өткен кинофестивальде бас жүлде алды

124 рет оқылды19.12.2015
14503827785966

Тәуекел Мүсілім: Ессіз ғашық болған емеспін

672 рет оқылды18.12.2015
photo_173607

RinGo тобының продюсері жаңа бойз-бендті таныстырды

254 рет оқылды18.12.2015