Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінің ТОП-5-тігіне кірді, деп хабарлады Vesti.kz.
Бірінші орта салмақтағы Ислам осы жылғы мамырдан бастап алтыншы орында болған. Енді WBA желтоқсандық рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Қазақстандықтың есебінде 19 айқас, бірде-бір рет жеңілмеген.
Қазіргі сәтте Қанат WBA Fedelatin белдігіне ие. Әлемнің белгілі кәсіби бокс жетекші менеджері Эло Хэймонмен келісімшарт жасасқан.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS