Жаңалықтар

Илья Ильин Қазақстан ауыр атлеттерінің допинг дауына қатысты ойын білдірді

Қазақстан ауыр атлеттерінің допинг дауына қатысты мәселе күрделене түсті. Шұғыл түрде екінші сараптаманы Германияда жасатуға ұсыныс береміз деген федерация басшылығы енді бұл шешімдерінен бас тартып отыр, деп хабарлады 31 арна.

Тіпті Халықаралық ауыр атлетика федерациясына қарсы мәлімдеме де жасалмаған. Атлеттерге араша болмаса, биыл өтетін жазғы Олимпиадаға Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов сынды басты фавориттер бармай қалуы ғажап емес.

Федерация Монреал зертханасының шешіміне қарсы мәлімдеме жасаудан бас тартқан. Тіпті маңызды нәтиже шығаратын Б сынамасын өткізбеуге өтініш беріпті. Себебі ол тағы да сол зертханада жасалады.

Федерацияның айтуынша, өз ішімізде комиссия тағайындап, жасалған сараптама нәтижесін халықаралық федерацияға жіберіп, нақты шешімді күтеді. Сондай-ақ атлеттердің қанына допинг басқа жолдармен түсуі мүмкін.

Аты шулы процеске екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де пікірін білдірді.

“Менің ойым өзімізде тексергені дұрыс. Біздің басшылық қазір спорттан шеттету немесе үлкен көлемдегі айыппұл болмас үшін осы іспен дұрыстап айналысып жатыр. Себебі жас спортшыларды қорғап қалу керек”, – дейді Илья.

ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафиннің сөзінше, елімізде заңдық білім бар, бізде мүмкіндік те бар. Отандық мамандар атлеттердің ағзасына допингтің қалай түскенін анықтайды.

Кейбір рұқсат етілген тағамдар мен дәрі-дәрмектердің құрамынан да шығуы мүмкін. Бұл спортшылардың кінәсі болмайды. Егер солай болса, минималды айып салынады.

Жағдай екі ұшты болып тұрғанмен, жарысқа қатысудан уақытша шеттетілген жігіттер жаттығу өткізіп, Олимпиадаға дайындықты бастап кетіпті. Өздерінің ақтығына, федерацияның іскерлігіне сенетіндей.

Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни бірнеше зілтеміршілерінен допинг табылған Ресей тарабы да бұл мәселемен белсенді түрде айналысып жатқанын айтады.

Қазірдің өзінде допинг табылғаны үшін Қазақстанға 50 000 доллар айыппұл салынды. Халықаралық Ауыр атлетика Федерациясы егер зілтеміршілердің допингті әдейі қабылдағанын түпкілікті түрде дәлелдесе, онда Жасұлан мен Алмас екі жылға спорттан шеттетіп, Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға бармайды. Ондай жағдайда еліміздегі беделді спорт түрі ауыр атлетика федерациясының абыройына нұқсан келері анық.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

js6GyFGS9zM

KeshYou-дің мерейтойлық концертіне Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденова қатыса ма?

263 рет оқылды20.01.2016
cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

336 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

427 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

833 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 670 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

1 027 рет оқылды19.01.2016