Жарыстың екінші күні (сенбі) 73 кг-ға дейінгі салмақта Жансай Смағұлов топ жарды. 90 кг-ға дейінгі салмақта татамиге шыққан Ислам Бозбаев та қазақ елінің абыройын асырды. Шешуші финалда отандасымыз венгриялық Тоц Кристианды таза жеңіспен ұтып, ел қоржынына екінші алтынды салды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг) пен Виктор Демьяненко (-100 кг) қола жүлдегер атанды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасынан кейін екінші орынға Украина құрамасы ие болды. Олар 2 алтын 2 қола медаль еншіледі. Ал жапондар 1 алтын 2 күміс 6 қола медальмен үштікті түйіндеді.