Данэлия Төлешова Мәскеуде өтіп жатқан І Халықаралық кәсіби музыкалық BraVo сыйлығының концертіне қатысты. Ол аталмыш кеште әйгілі ZAZ-бен бірге ән орындаған деп хабарлайды baistars.kz.
Бұл жайында BraVo сыйлығының Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
«BraVo сыйлығының ең кішкентай жұлдызының кім екенін хабарлайтын уақыт жетті. Ол кіп-кішкентай болса да, көптеген белестерді бағындырып үлгерді. Ол «Аялаған Астана» байқауында жеңіске жетіп, «Балалар Жаңа Толқынында» финалға шығып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, «Надежды Европы» халықаралық байқауында Гран-при иеленіп, таяуда украиналық «Голос» шоуында жеңіске жетті. Ол жобада жеңімпаз атанған алғашқы шетелдік болды. Данэлия француз әншісі ZAZ-бен бірге «Je veux» әнін орындайды. Ал біз оған «BraVo» дейміз», – деп жазылды.