-
Әнші Мақпал Жүнісова
-
Уақыты 2016-10-03 15:54:31
-
Тегтер Мақпал Жүнісова, Фариза, Ақ бұлақ, Таң қалма, Өмір неткен тамаша
-
Саны 5
-
Узақтығы 00:00
-
Өмір неткен тамаша
-
Ақ бұлақ
-
Таң қалма
-
Сен және мен
-
Фариза
Өмірбаян
Жүнісова Мақпал Мұхамедиярқызы - 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Теректі ауылында туған.Отбасы
Әкесі - Жүнісов Мұхамедияр, марқұм. Анасы - Жүнісова Үміт, үй шаруасымен айналысады. Жұбайы - Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов, марқұм. Қызы - Мерей Заманбекқызы (2002 ж.т.).
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1998), ұйымдастырушы-әдіскер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (1996жылдан), I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының (1997 жылдан) профессоры.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Марапаттары
1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.
ҚР Халық әртісі (1994). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).
ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1999), «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2005) лауреаты.
Қызығушылықтары
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Еркін, демократиялық, өркендеген, бақытты көп
миллиондаған, бай,«тоқ», жастарының болашағы кең Қазақстан».
Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.
Әндері
"Ғашық жүрек", "Қыз ғұмыр", "Фариза қыз", "Қоштасу" , "Армандастар", "Еркетайым", "Жан ана", "Фаризаға".
