Дональд Трампқа дауыс бергендер арасында атыс-шабыс киноларының қаһарманы, танымал актер Чак Норрис бар. Оның 2016 жылдың шілде айында Трампты қолдап, "Трамп Ақ үйге көшіп барғанда оның отбасы мүшелерінің саны көбейеді. Бүкіл Америка халқы оның отбасына айналады. Ол біздің барлығымыз үшін, Америка үшін еңбек етеді" деген болатын.
Тарихта "Темір Майк" деген атпен қалған танымал спортшы Майк Тайсон да республикалық партияны жақтайтынын білдірді. Трамп пен Тайсон бір жердің тумасы. Боксшы сайлау кезінде өзінің жерлесіне әрі досына дауыс беретінін айтқан еді.
"Мен қара нәсілді адаммын. Еліміздегі ең кедей топтың өкілімін. Сонымен қатар, өмірімде көп нәрсені көргенмін. Бірақ, мен Трамппен кездескен кезде ол менімен амандасып, мені және менің отбасымды құрметтейтінін айтады. Басқа ешкім, тіпті, Барак Обама да олай істей алмаған. Сол үшін мен Трампқа дауыс беремін", - деді Майк Тайсон.
"Екі жарым адам", "Взвод" және "Уолл-стрит" секілді фильмдермен танылған америкалық актер Чарли Шин де Дональд Трамптың саясатын қолдайтынын ашық мәлімдеді.
"Ол өте жақсы адам. Меніңше, үміткерлер арасында президенттік қызметке одан артық лайықты адам табылмайды".
Танымал әнші Кид Рок те кез келген уақытта Дональд Трампты қолдаймын деп ниетін білдірді. Оның айтуынша, Трамп - АҚШ-та өзгеріс жасай алатын жалғыз адам.
"Мен Трампты қолдаймын, себебі, Хилларидің де басқаның да қолынан Американы өзгерту келмейді. Осы елдің қарапайым салық төлеушісі ретінде айтарым: Американы қолынан іс келетін кәсіпкер басқару керек", - деді Кид Рок.