Гостиницы в Алматы
2016-11-01 12:49:15 302 0

Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов әу баста Есентаевқа тағылған айып дұрыс болмады деп отыр. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

"Біз қорғаушы алқабилер сотынан оны ақтап шығаруды сұрадық. Себебі оған қылмыстық кодекстің баптары бойынша айыптаулар қате тағылған. Ол аталған қылмыстарды жасаған жоқ", - дейді Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Айта кетейік, қазір Бақытбек Есентаевты екі қорғаушы қорғап жатыр. Процестің бір ерекшелігі сотта шешімді алқа билері қабылдайтындығында. Ал кешегі сот отырсына Баян Мақсатқызының өзі келген.

Еске сала кетсек, 20 жылдан астам отасқан жұбайын пышақтады деп айыпталған Бақытбек Есентаевқа сот үкімі 3 қараша күні шығады.

Пікір жазу