Ведомствоның мәліметтері бойынша, тергеу барысында "Қазақфильм" АҚ-ның фильм өндірісінің дайындық кезеңдеріне деп Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС есебіне 79 млн теңге көлемінде қаражат аударғаны анықталған. Оның 69 миллион теңгесін жобаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов өзі құрылтайшы болып табылатын Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС арқылы өз жымқырды.
"Қаражат мердігер ұйымдардың көмегімен қолма-қол ақшаға аударылып, Жаманқұловқа беріліп отырған. Бұдан бөлек "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ысқақова Г. мен фильмнің атқарушы продюсері Юдина Н. атты азаматтардың да аталған іске қатысы бар екені дәлелденді. 2 қарашада көрсетілген қаражатты қымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды", - делінген бюро хабарламасында.