Гостиницы в Алматы
2016-03-31 10:30:39 362 0

Айдай Исаева ұйқысыздықтан қалай арылуға болатынын айтты

Мамандығы бойынша отбасы дәрігері, әрі "Мисс Қазақстан-2013" аруы Айдай Исаева көктем мезгілінде ұйқысыздықтан қалай құтылуға болатынын айтты, деп хабарлайды Baistars.kz.

"Жылдың мейрамға толы айы аяқталып келеді, бірақ айналадағы адамдар шаршаңқы көрінеді. Маған ұйқысыздық жайлы немесе ұйқының жетіспеушілігін айтып адамдар хабарласып жатады, өзін жайлы сезіну үшін не істеу керегін сұрайды. Мен ағзаға түсетін зиянды қалай азайтуға болатыны жайлы бір-екі әдісті айтсам деп едім. Қанша уақыт ұйықтасаңыз да, бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз. Ұйқыңыз үздіксіз болғаны абзал. Тағы бір кеңес: жатар алдында дайындалып алған жөн. Ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын шай мен кофе ішпеңіз және бір сағат бұрын теледидар қарамаңыз, компьютерде жұмыс істемеңіз. Жатар алдында физикалық жаттығулар жасамаңыз. Жатын бөлмеңізді ыңғайлаңыз (ыңғайлы төсек пен төсек орын заттары). Осындай кішкентай қулықтар ағзаңызға пайдалы болады. Әрдайым тонуста жүріңіз!" - деп кеңес берді қазақ аруы Айдай Исаева Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанова әжімдерді сүлікпен кетіретінін айтқан болатын.

Пікір жазу