Шара Мәскеуде осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальда Ресей, Қазақстан, Грекия, Болгария, Армения, Кипр және Сербиядан келген аспаздар өз өнерлерін көрсетті.
Осы жылы Қазақстан атынан "Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледж" оқушылары мен ҚР шеф-аспаздары қауымдастығының президенті Александр Трегубенко қатысты.
Тағам дайындауға арналған қой еті, апорт секілді азық-түліктің бір бөлігін аспаздар Қазақстаннан алып барған.
"Бұл фестивальде жастар командалары өз шеберліктерін, дәстүрді қаншалықты терең білетіндіктерін көрсетті. Қазақстандық аспаз майда ұннан әзірленген әшекей мен алматылық апорттан жасалған сидр дайындады", - дейді ұйымдастырушылар.
Әр колледж командасының құрамында алты адам болыпты. Олардың дайындаған тағамдарын тағамтану институты, аспаздар қауымдастықтарының басшылығы, танымал аспаздар құрамына кіретін қазылар алқасы бағалаған.