Гостиницы в Алматы
2016-04-23 12:59:38 1049 7

Қазақтың ұлттық өнерін әлемге паш еткен қобызшы қыз Ақерке Тәжібаева жақында тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Бұл туралы қобызшы "Мен ИӘ дедім" деп жазып, қолына таққан жүзігінін көрсетіп, қуанышын бөлісті.

Ақеркенің достары әлеуметтік желілерде "Қазақ еліміздің ұлттық өнерін дүние жүзіне паш етіп жүрген қобызшы, қарындасымыз Ақерке Тәжібаеваға ата-баба салтымен сырға салу рәсімі болды" деп жазды.

Әнші Қайрат Нұртастың бөлесі, қобызшы Ақерке Тәжібаваның ұзату тойы 28 сәуірге белгенген.

Біз Ақеркеге барған жеріңде бағың ашылсын деп, отбасылық өмірдің бақытын тілейміз!

Пікірлер

  • Бакытты болыныз!!! сиз бакытты болуга лайык жансыз
  • Дильнара
    Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену, Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену. Жаңа отаудың қабырғасы қаланып, Дүниеге тағы да бір үй келу. Тілейміз биіктігін шаңырақтың, Тілейміз босағаның беріктігін. Мәңгілік екі жастың бақыты мен, Тілеймін құдалардың татулығын. Өмірлерің бақытты әнді болсын, Өңірлерің осындай сәнді болсын. Достық пен жастық шақ жалын атып, Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!
  • Шолпан Аконова
    Акерке Тажiбаева кызым Акмарал Наурызованын устазы . Кызым 1-курста окып журсе
  • Мерует
    Ақерке, бақытты болыңыз. Халқымыздың киелі өнерін əлемге танытуда еңбек етіп жүрген өнер жанашыры ретінде сізді құрметтейміз. Алдағы уақыттағы қызметіңізге табыстар, жеңістер мен жемістер тілейміз. Сəттілік сіздерге серік болсын. Құрғалы отырған шаңырақтарыңыздың босағасы берік, керегесі кең болсын, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер.
  • Аконова Айман Иманғалиқызы
    Халқымыздың ұлттық аспабы қыл қобызды əлемге паш еткизген қазақтың ару қызы Ақеркеге баянды бақыт тілеймін!
  • Шолпан
    Ақерке! Сізге бақыт тілеймін. Ұлан-ғайыр Қазақстанның батыс өңірі Атырау, Маңғыстау облысы халқы атынан өмірдің жаңа белесіне аттағалы отырған қадамыңыз құтты болсын. Менің қызым Ақмарал Наурызова сіздің шəкіртіңіз. Жылға жетпейтін уақыт ішінде қызымды киелі өнердің біраз қыр-сырына баулып үлгеріпсіз. Сол үшін де сізге аналық жүрегіммен үлкен бақыт тілеймін. Барған жеріңізде бағыңыз ашылсын. Өмірлік серігіңізбен қол ұстасқан қалыптарыңызда жұптарыңыз ажырамай, биік белестерді бағындыра беріңіздер. Бар жақсылықты тілеймін.
  • Шолпан Аконова
    Кызым Акмаралга улгiлi устаз бола бiлген казак онерiнiн жанашыры Акерке Тажiбаевага айтар алгысым шексiз! Омiрдiн зандылыгы гой, кызбаланын ата-анасынын жане улкендердiн ак батасын алып, турмыс куруы . Акерке онерде аты калган жаксы кобызшы екенi даусыз жане менiн бул пiкipiммен ешкiмде дауласа алмас, алдагы турмыстык омipiнде де жаксы келiн, суйiктi жар болатынына мен толыктай сенемiн! Кызым Акмарал Наурызова да суйiктi устазы, сырлас курбысы бола бiлген Акерке Тажiбаевадан жаксы касиеттер ала бiлдi деп ойлаймын .Онерде де, омiрде де багыныз жансын! Атырау мен Мангыстау жерiнен Сiзге ыстык салемiн жолдап, ак тiлегiн жеткiзген Сiздiн Консерваториядагы шакiртiнiз Акмарал Дуйсенкызы Наурызованын ата-анасы Дуйсен Наурызулы Узаков, Шолпан Имангаликызы Аконова .

Пікір жазу