Екі ай бұрын Шоқан Маратұлы досымен бәстескен болатын. Ол небәрі екі айдың ішінде өз күшімен жаңа гелендваген көлігіне ақша табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, ол оған дейінгі тапқан табысының автокөлік ақшасына қосылмайтынын мәлім еткен.
Сонымен уәде етілген уақыт та өз мәресіне жетті. Түнгі клуб ашып пайдаға кенелген әнші мақсатына қол жеткізді. Ол осы уақыт аралығында 120 мың доллар пайда тапқанын айтты.
"Маған сенім артып, қолдау көрсеткен барша жандарға алғыс айтамын. Соңғы іс қалды. Енді гелен автокөлігін сатып алу үшін тендер немесе голландтық сауда ұсыныстарын қабылдаймын. Гелен автокөлігін сататын таныстарыңыз болса айта жүріңіздер.
Ал мына фотода тұп-тура 120 мың доллар. Бұл ақшаны мен екі айда таптым. Бұл менің гелен үшін бастапқы бағам. Ең төмен бағада ұсынған адамнан сатып аламын", – деп жазды Шоқан желідегі парақшасында.
Гелен автокөлігі қара түсті, кем дегенде 2014 жылы жарыққа шыққан болуы тиіс. Сол сияқты автокөлік сыйымдылығы 4. 5.5 немесе 6.3 болуы маңызды.