Гостиницы в Алматы
2016-12-24 16:38:27 10 0

El Paso Times америкалық басылымы осы жылдың қорытындысы бойынша pound-for-pound үздік боксшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

ТОП-10-дағы бірінші орын WBA/IBF/WBC/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге берілді.

«GGG - Майк Тайсон дәуірінен кейінгі ең керемет боксшы. Қазақстандық 2016 жылы екі рет айқасты. ДоминикУэйд пен Келл Брукты жеңді. Алда 18 наурыз күні Нью-Йоркте Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке түседі», - деп жазылған материалда. Үздік ондық толығырақ осылай берілген:

  1. Геннадий Головкин
  2. Роман Гонсалес
  3. Андре Уорд
  4. Сергей Ковалев
  5. Теренс Кроуфорд
  6. Василий Ломаченко
  7. Гильермо Ригондо
  8. Сауль Альварес
  9. Карл Фрэмптон
  10. Мэнни Пакьяо.

Пікір жазу