Гостиницы в Алматы
2016-05-08 19:43:49 291 0

Белгілі продюсер, «Мюзикола» тобының негізін қалаушы Болат Сыздықовпен қоштасу Алматыда 10 мамырда сағат 11.00-де өтеді, деп хабарлады Facebook-тегі музыканттың жеке парақшасында.

Қоштасу рәсімі Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында сағат 11.00-де өтеді.

«Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас қазаға ұшырады. 2016 жылғы 7 мамырда 60 жасқа қараған шағында белгілі музыкант, композитор, еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Мұратұлы Сыздықов дүниеден озды. Көрнекті өнер қайраткері туыстарының, достарының, әріптестерінің жүректерінде мәңгі сақталатын болады. Болат Сыздықовтың қайтыс болуына орай туыстарына, достарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Болат Сыздықов 7 мамырда Алматыда 60-қа қараған шағында мезгілсіз дүниеден өтті. Өліміне ұйыған қанның жарылуы себеп болған.

Қазақстандықтар Facebook әлеуметтік желісіндегі Б. Сыздықовтың парақшасына жаппай көңіл білдіруде.

2012 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Болат Сыздықовқа Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілген.

Пікір жазу