"Қазір Қазақстанда тек Головкин туралы көп айтылады, ал Қанат екінші орында қап қалады. Оның атын мыңдаған адам біледі әрі өз елінде жанкүйерлері де көп. Бізге алдыға жылжуға серпіліс керек, бұл осы жексенбіде болады деп үміттенемін. Головкинсеен кездесу үшін 160-қа дейін көтерілуі керек. Оның жұлдыз болуы уақыттың еншісінде", - дейді Лопес.
Айта кетейік, кәсіби бокстағы кезекті кездесуін колумбиялық Хуан де Анхельмен өткізген Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жектің алтыншы раундында нокдаун алып, есеңгіреп қалған колумбиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты.
"Қазақстан" арнасының тікелей эфирінде көрсетілген жекпе-жектен соң Қанат Ислам жанкүйерлері мен спорттағы қолдаушысы Бауыржан Оспановқа алғыс айтып, "Қазақ елі тыныш болсын" деген тілегін жолдады.
Қанат Ислам осылайша кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Нокауттар саны - 18. Боксшының жекпе-жегі телеарна арқылы қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет көрсетіліп отыр.
Ақпарат: Sports.kz