Гостиницы в Алматы
2016-05-08 19:16:13 160 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзін жекпе-жекке шақырған Сауль Альварестің ұсынысын қабыл алды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Бүгін Головкинді рингке шақырамын. Онымен биыл, бәлкім келесі жылы Мексикада кездесуге әзірмін», - деді Альварес Лас-Вегаста Амир Ханды нокаутқа жіберген жеңісінен кейін.

Сол арада қазақстандық боксшы мексикалыққа өз жауабын берді.

«Бүгінгі кештің боксшыларына үлкен құрметімді білдіремін. Мен айқасқа әзірмін, Канело» - деп жауап берді Альварестің шақыруын қабыл алған Головкин.

Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес британдық Амир Ханды жеңгеннен кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

Пікір жазу