Гостиницы в Алматы
2016-04-18 20:15:43 41 0

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алтыншы туры артта қалды, деп хабарлайды baq.kz. Әзірге былтырғы чемпион «Астана» ғана ұпайдан шашау шығарған жоқ. Бес матч бойы ұтылмаған «Ертіс» Ақтөбеде ұпай жоғалтты.

«Ертіс» қақпашысы Давид Лория чемпионатта бес тур бойы қақпасына гол жібермеген еді. Сол серияны Давидтың досы Самат Смақов бұзды. Ақтөбеге қонаққа барған «Ертіс» 1:1 есебімен тең тарқасты. Осы ойынның 86-минутында «Ақтөбе» капитаны 11-метрлік айып добын соғып, есепті теңестірді.

6-турдың нәтижелері

«Ордабасы» – «Қайрат» – 1:0

Гол: Касалица, 54 (1:0).

«Шахтер» – «Окжетпес» – 0:1

Гол: Чижов, 31 (0:1).

«Астана» – «Тобыл» –1:0

Гол: Аруна, 32 (1:0).

«Жетісу» – «Тараз» – 2:1

Голдар: Савич, 47 (1:0). Симоновски, 58 (2:0). Мане, 65 (2:1).

«Атырау» – «Акжайық» – 2:0

Голдар: Шабалин, 3 (1:0).Трытко, 19 (2:0).

«Ақтөбе» – «Ертіс» – 1:1

Голдар: Гогу, 22 – пенальтиден (0:1). Смақов, 86 – пенальтиден (1:1).

Дереккөз: baq.kz

Пікір жазу