Гостиницы в Алматы
2016-04-19 15:32:29 285 0

Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақтандық футболды дамыту бағдарламасын дамыту аясындағы жұмыстың аяқталғанын айтты.

"Достар, сіздермен жақсы жаңалығыммен бөліскім келіп отыр - бұған дейін мен өзіме қазақтандық футболдың дұрыс даму жолын табу мақсатын қойған болатынмын. Енді міне біз негізгі жұмыс барысын аяқтадық. Менің ниетіме салмақты қарап, барынша сенгендеріңіз үшін баршаңызға рахметімді айтамын. Сіздерсіз бұның еш мән-мағынасы болмас еді."

Жақын арада өз ойымды ортаға салып жариялаймын: қайда және қалай жылжуымыз керектігін, дамуымызға не және кімнің кедергі екенін әрі қаражатты қайдан алуға болатынын айтамын. Өзім жұмысыма ризамын және өз концепцияммен қуана-қуана бөлісетін боламын.

Бұл бірнеше томдаған түсініксіз ақпарат пен формулалардан болмайды. Егер де белгіленген жұмыстар әдейі түрде күрделеніп жатса, онда бұл солардың біліксіздіктерін байқататынын сенімдімін. Сондықтан мен барлық футбол процесстерін саналы түрде жеңілдеттім. Яғни, қарапайым тілде кез-келген адамға түсінікті болуы үшін.

Біздің футболдағы қысқы ұйқымыз тым созылып кетті. Оянатын кез келді деп ойлаймын", - дейді Айсұлтан Назарбаев.

Пікір жазу