Гостиницы в Алматы
2016-04-20 16:13:24 117 0

Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000 ж) Ермахан  Ыбрайымов өз атасын ешқашан көрмеген. Оразымбет  Ыбрайымов артынан келген қара қағаз ғана қалған. Алайда оның бейнесі отбасының жадында.

Ермахан   Ыбрайымов соғыста қаза болған атасын жақсы біледі. Алайда ардагердің хаттары, құжаттары, марапаттаулары сақталмаған.

-Егер осыдан бірнеше жыл бұрынғы оқиға болмағанда, біз іздеуді әлі де бастамаған болар ма едік, - дейді Ермахан Ыбрайымов. –Біз әкем екеуіміз 9 мамырда шеруді көрдік. Алаңда ардагерлер шеруі жүрді.  Кенет әкеп жылап жіберді, мен оның көз жасын алғаш рет көрдім.  Сонда әкем «Сенің атаң тірі болса, мүмкін ардагерлердің ішінде жүрер еді. Мен тіпті әкемнің қайда жерленгенін де білмеймін.  Шынымды айтсам, жаным ауырады» деді.

Әкесінен қара қара қағаз келгенде Сағи  Ыбрайымов 12 жаста екен.  Ол күн әлі күнге есінде.

«Әкем 48 жаста болатын. Біз оның қаза болғанына сенбей, өмір бойы күттік. Оның қайда жерленгенінен де хабарымыз жоқ»,-дейді Сағи Ыбрайымов.

Біршама уақыт өткен соң Ермахан Ыбрайымов атасына іздеу сала бастайды. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандарды интернет арқылы іздеу салуға болатынын оқыған Ермахан іске кіріседі. Интернет сайттағы «Соғыс және адамдар» форумына қосылып, «атасының зиратын іздейді».  Күтпеген жерден Витебск облысының іздеу жүйесінен «Витебсктен босату кезінде қайтыс болған қатардағы жауынгер Оразымбет Ыбрайымов Витебск облысы, Витебск ауданындағы бауырластар зиратында жерленген» деген ақпарат алады. Ермахан әкесімен жолға шығады.

Минск арқылы ұшып, Витебскке жетеді.

-Мемориалдық зират өте үлкен, жүздеген қабір бар, - дейді Ермахан Ыбрайымов.  Біз ол жерге барғанда қабірді оңайлықпен таппасымызды түсіндік. Әкем тұрып жылай берді. Жергілікті жігіттер жайымызды сұрап, сосын ауылдың тұрғындары жиналды.  Олардың кеңпейілділігі сондай, бізді қолдады. Сосын үлкен дастархан жайып, ауыл тұрғындарына ас бердік, - дейді спортшы.

Пікір жазу