Гостиницы в Алматы
2016-04-22 12:07:13 143 0

Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайды. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Министрдің мәлімдеуінше, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевқа Рио олимпиадасына қатыса алмайды. Оның бірі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шететілген.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада жеңімпазы атанған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгеріссіз қалатындығын атап өтті.

«Бізде үкіметтің бекітілген қаражаты бар. Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Бұл нақты үкіметтен бөлінетін қаржы. Мұнан бөлек, өздеріңіз білетіндей, әрбір федерация, облыстар өз деңгейінде спортшыларға құрмет көрсетіп жатады. Менің ойымша, біздің жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйлық дүниежүзіндегі ең көлемді сыйлықтардың бірі», - деді министр.

Дереккөз: inform.kz

Пікір жазу