Гостиницы в Алматы
2016-05-08 02:35:27 68 0

Стамбулда күрес түрлеріне Рио олимпиадасына соңғы іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жолдама тек финалға шыққан екі балуанға беріледі, деп хабарлайды

Грек-рим күресінен 66 келіде дағыстандық легионер Магомед Чухалов алғашында швейцариялық қарсыласын 7:1 есебімен жеңген. Екінші кездесуде тәжік Азизбек Шарифзоданы 8:0 есебімен ұтқан. Алайда франциялық Артак Маргаряннан жеңіліп, жолдамасыз қалды. Чухалов Астанада өткен іріктеуде де лицензияны соңғы сәтте жапон балуанына беріп қойған.85 келіде Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Данил Гаджиев (суретте) алғашында кореялық Парк Джин Сунды, грек Дмитрис Цекеридисті оңай жеңген. Ал жартылай финалда грузин Роберт Коблиашвилиден 1:2 есебімен жеңіліп, жолдама иелене алмады. Гаджиев финалға шыққанда өзінің екінші олимпиадасына барар еді. 98 келіде Ерұлан Искаков бірінші кездесуінде-ақ ұтылып қалды.

Грек рим күресінен Риоға 59 келіде Алмат Кебіспаев, 75 келіде Досжан Картиков, 130 келіде Нұрмахан Тінәлиев барады.

Пікір жазу