Гостиницы в Алматы
2016-04-19 16:51:28 211 0

Осыдан бірнеше күн бұрын Baistars.kz сайты мен "Меломен" тобы 2-кезеңнен тұратын байқау жариялаған.  1-кезеңнің шарты бойынша "Меломен" тобының орындауындағы сайтымызда тұсауын кескен  7 әннің үздіктеріне дауыс беру керек болатын. Байқаудың шарты бойынша сол таңдалған  үздік 3 әнге бейнеклип түсіріледі. Тыңдарманның ең көп дауысын жинаған үш ән:

  1. "Әке"
  2. "Лаулаймын"
  3. "Сені ойласам"

Жақын күндері "Меломен" тобы тыңдарман таңдаған "Әке", "Сені ойласам", "Лаулаймын" әндеріне де бейнеклип түсіреді. Ал байқаудың 2-кезеңінде аталған әндердің бейнебаянына идеялар жарысы болды. Бейнебаяндарға қатысты мыңдаған оқырманнан жүзге жуық идея келді. Топ өнерпаздары бүгін сол ұсыныстардың барлығын оқып саралап жеңімпазды анықтады. Жігіттерге бірауыздан сайтымыздың тұрақты оқырманы Мөлдір Медеуғалиеваның ұсынысы ұнады. Мөлдірді жеңісімен құттықтаймыз. Бүгін Меломен тобы уәде еткен қаржылай сыйлығын табыс етеді.

Пікір жазу