Гостиницы в Алматы
2016-10-07 16:31:41 397 1

Серік Ибрагимов қалыңдығын ұзатып алды (ФОТО, ВИДЕО)

Серік Ибрагимов қолына бақ құсын қондырды. Әнші бес жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісін шаңырағына келін қылып түсірді.

Кеше Серіктің Айнамкөз есімді аруға айттырылғанын айтқан болатынбыз. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша «сырға салу» рәсімі өткізіліп, болашақ құдалар сөз байласты. Ал кешкісін Айнамкөздің «қыз ұзату» тойы өтті. Серіктің қуанышына қазақ эстрадасының жақсы-жайсаңдары түгел жиналды. Ибрагимовтің продюсері Алтынбек Рахметов құда атанды. Одан бөлек, «Кеш you» тобының әншісі Балжан Бидаш құдаша атанғанын айтып қуанды. Ол – Ибрагимовтің туыс қарындасы болып келеді.

Той барысында Ибрагимов осыдан бес жыл бұрын Айнамкөзге арнаған әнін ұзату тойда орындады. Айта кетейік, дәл осы «Жаным іздеймісің» әні Серіктің шоу-бизнестегі жұлдызын жақты. Аталмын туындыға әкесімен би билеген қалыңдық көзжасына ерік беріп, отбасымен қимай қоштасты.

14553055_1156227821110573_3239489700167155712_n

Пікірлер

  • Айнура Ембергенова
    Скрик баурыма омирде бакытты тилймин косылган кусымен маги болсын атасына анасына адал келин болсын бакыты болсын еки жастар

Пікір жазу