Айыр қалпақты қырғыз ағайындар біздің әндерді көшірудің көшін бастапты. "Меломен" тобының репертуарындағы "Сүйгенім бол" әнін қырғыз тобы ұнатып, біздің жігіттерден рұқсатын сұрап жатқан көрінеді. Топ директоры Қайрат Әшімханұлы қазақ тыңдармандарының көңілінен шыққан әсем әнді қырғыз тобы орындауы мүмкін екендігін айтты. "Әнді қырғыз тобына беріп,не бермейтініміз әлі шешілген жоқ. Алайда, тоқетерін әннің авторы әрі топ продюсері Б. Есебаев шешеді. Жалпы, қарсылығымыз жоқ."-деді Қайрат Әшімханұлы.
Айта кетейік, Сүйгенім бол" әні "Меломен" тобына арналып жазылған. Әннің өлеңін жазған - Махаббат Бигелдиев, ал музыка авторы - Бауыржан Есебаев.
Осыған дейін композитор Бауыржан Есебаев "Меломен" тобына продюсер болғаны туралы жазған болатынбыз.