Гостиницы в Алматы
2016-04-08 17:31:02 256 0

Қазақ кино өнері тағы бір  өніммен толықты. Жақын күндері «Адика продакшн» компаниясы ұсынған «Моя чужая» деп аталатын романтикалық драма көрерменге жол тартпақ. Қоюшы режиссері өзбекстандық Едгор Насыров. Аталмыш туындыда әлеуметтік, отбасылық, адамгершілік құндылықтар мәселелері кеңінен насихатталады. Сонымен қатар, фильмде әсем қала Алматының табиғаты, көрікті жерлері, тарихи маңызы зор нысандары көрсетіледі. Басты рөлдерді Диляра Байжанысова, Беруний Нарзуллаев, Гүлнар Досматова, Жан Байжанбаев сомдайды.

Фильм сценарийі қазіргі уақыттағы оқиғалар желісіне құрылған. Тағдыр жас кәсіпкер Әлішерді ақылына көркі сай Айлин есімді арумен тоғыстырады. Таныстықтары махаббатқа ұласқан екі ғашық бір-біріне қатты бауыр басып қалғанымен де өткен күндердің елесі олардың сезімін суытады. Фильмде анайылық көріністер мен есірткі, ішімдік сияқы зиянды әдеттерді насихаттайты эпизодтар болмайды деп күтілуде.

Айта кетейік, фильм авторлары бұл туындыны Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына тарту етпек. Фильм 2016 жылдың 19 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында прокатқа шығады.

Пікір жазу