Оған құрметті награданы Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова тапсырды.
«Тамаша сезімге бөленіп отырмын, әлем біріншіліктеріндегі нәтижелер, Қазақстанда шахматты дамыту мен насихаттауға қосқан үлесім лайықты бағаланғанына өте қуаныштымын. Осы ретте Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына спортқа үнемі қолдау жасап отырғаны үшін алғысымды айтамын. Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын»,-деді ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
Әлем мойындаған шахматшы алдына үлкен мақсаттарды қойып отырғанын және оған қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.
«2012 жылы мен алғаш рет ел Президентімен кездескен болатынмын. Сол кезде бірнеше мәрте әлем чемпионы болатыныма уәде берген едім. Мен өзімнің уәдемді орындадым. Қазіргі кезде де алдыма үлкен міндеттерді жүктеп отырмын. Енді әйелдер арасында әлем чемпионы болғым келеді. Бұл менің мақсатым мен арманым»,-деді Д. Сәдуақасова.
Айта кетейік, Д. Сәдуақасова 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы (2010 жыл), 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы (2014 жыл), 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион (2016 жыл) атанды.