Дзюдодан Əлем чемпионатының командалық жұбаныш белдесуінде Қазақстанның ерлер құрамасы Моңғолия командасына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов Имашев Цагаанбаатар Хашбаатармен кездесті. Белдесуде моңғолиялық дзюдошы қазақстандықтан басым түсті.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов Одбаяр Ганбаатарға қарсы шықты. Ары қарай жекпе-жекті 81 келіге дейінгі салмақта Əзиз Қалқаманұлы мен Ууганбаатар Отгонбаатар жалғады.
90 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Самат Есен мен Отгонбаатар Лхагвасурен белдесті.
Жалғыз жеңісті тек 90 келіден жоғары салмақта белдесуге шыққан Максим Раков əкелді. Нəтижесінде Жапония құрамасы Қазақстан командасын 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстанның ерлер құрамасы дзюдодан Əлем чемпионатында жүлдесіз қалды.



Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS