Гостиницы в Алматы
2016-04-11 18:37:57 15 0

Футболдан әйелдер арасындағы 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды baistars.kz

Қазақстан мен Уэльс матчы 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Шымкент қаласында матчқа қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз маслихатында Уэльс құрамасының бас бапкері Джейн Ладлоу  бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді. "Барлық ойыншылар алаңға шығуы дайын. Жарақат алған футболшылар жоқ. Іріктеу тобындағы ойындардың нәтижесіне көңіліміз толады. Қуанамыз, келісеміз. Қазақстандағы ойын да оңайға түседі деп ойламаймыз. Ертеңгі матч тартысты болмақ. Сырт алаңда ұпай алу әрдайым қиын. Футболда күтпеген жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен, біз өзімізге сенімдіміз. Сәттілік біздің жағымызда болады деп үміттенеміз" дейді Джейн Ладлоу.

Ал біз футбол құрамаларына сәттілік тілейміз!

Пікір жазу