Гостиницы в Алматы
2016-03-03 17:31:52 199 0

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналанатын І.Есенберлиннің “Алмас қылыш” тарихи драмасы

Құрметті журналистер, сіздерді наурыз айының 4, 15, 26 жұлдыздарында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сахналанатын І.Есенберлиннің “Алмас қылыш” тарихи драмасына шақырамыз.

Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева

Спектакльдің сахналық нұсқасының авторы – Әннәс Бағдат

Қоюшы-суретші – Мұрат Сапаров

Композитор – Ш.Базаркулова

Көрнекті жазушы І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романы желісімен қойылған спектакль Қазақ елінің іргетасы қалануын бейнелейді. XV ғасыр ортасы. Дешті-Қыпшақ даласы. Әбілхайыр хандығындағы толассыз қан төгіс соғыстар, ішкі қырқыстар мен аяусыз езгіден халық ауыр күйзелісте. Ал, хан өз тағын сақтап қалу үшін қол астындағыларды бір-біріне айдап салып отырады. Осындай алмағайып кезеңде Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ руларының басын қосып бөлек ел болмаққа бекінеді. Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімге келіп, азаттық аңсаған қазақ руларын бастап батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады. Спектакль жеке өз алдына хандық құру жолында небір тар жол, тайғақ кешуден өтіп, ұлы тарих көшінен өзінің лайықты орнын алған халқымыздың рух мықтылығын паш етеді.

Баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 394-65-45, 8-778-620-59-54, 8-778-618-87-96

Пікір жазу