«Бұған дейін осы салмақ дәрежесінде еліміздің бірнеше азаматтары Олимпиада ойындарынан абыроймен келді. Бұған дейінгі үш Олимпиада да менің салмағым сәтті салмақ болып саналды. Енді Рио Олимпиадасында топ жарамын деп ойлаймын. Сол үшін жұмыс істеп жатырмын» - дейді бокстан Әлем чемпионы Данияр Елеусінов.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген. Дәурен мен Даниярда әкелерінің жолын қуды. Әкесі де балаларының арманына қанат бітіріп, талабын ұштай түсті.
«Даниярымның мінезі Дәуренге қарағанда басқаша. Дәуренім салмақты. Данияр күлдіргі, әзілге жақын. Бастауыш сыныпта тәп-тәуір оқыған. Бірақ кейін үш ала бастады. Сосын түбегейлі спортқа беруге шештік» - дейді Дәурен мен Даниярдың әкесі Марат Елеусінов.
Данияр жақында ғана Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен «Gee-Bee Tournament-2016» турнирін жеңіп, алтын медаль алып келді. Бүгінде өзінің шаршы алаңдағы шеберлігімен көзге түскен Данияр ұлттық құраманың капитаны. Ал көшбасшыға артылар жүк еке есе дейді бас бапкер. Бұған дейін жеңіліссіз келе жатқан Данияр былтыр Дохада өткен ӘБ жеңіліс тапқан еді. Мырзағали Айтжанов бұл жеңілістен үлкен сабақ алдық дейді.
«Төртінші лицензияны команда капитаны Данияр Елеусінов иеленді. Біз әрине одан алтын күттік. Бапкерлері, бүкіл Қазақстан алтын күтті. Әттеген-ай деген болды. Бұл жеңілісте біз үшін үлкен сабақ болды» - деп еске алды сол кезді бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Қазір кәсіпқой рингте жүрген Дәурен Елеусінов те інісі секілді әуесқой боксшы болған. Әуесқой бокстан 2005 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын. Одан кейін бірнеше рет үздік үштіктен көрінді. Көптеген халықаралық турнирлерде оза шапты. Бірақ Данияр секілді Олимпиада, әлем чемпионатына қатыса алған жоқ. Соңғы жекпе-жегінде 25 жастағы америкалық Бернард Томаспен қолғап түйістіріп, бірінші раундта-ақ жекпе-жекті аяқтап тастады. Бұл Дәуреннің кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі. Сондай-ақ соның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтады. «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деген сөз осындайда айтылса керек...