Гостиницы в Алматы
2016-11-08 17:21:27 103 0

Танымал әзілқой, «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Сыпабеков әншілікке бет бұрып, алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды. Ол сонау 90-жылдары ел арасында кеңінен танылған «Қыздар-ай» әнін жаңа нұсқада орындап шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Әттең-ай, әттең, жүрегім жалғыз, бәріңе бірдей бөліп берер ем», – деген жыр шумақтарының әрі әнінің авторы, алғашқы орындаушысы ақын Үміт Битенова. Аталмыш әннің тұсауы 1993 жылы республикалық «Үкілі үміт» байқауында кесілген болатын.

Аманғалидің алғашқы бейнебаяны жаз айларында түсірілген. Туындыны көріп отырғанда нағыз қазақтың ауылына саяхат жасайсыз. Айтпақшы бейнебаянда бір топ қыздардың арасында жалғыз өзі ән салып жүрген Аманғали жуырда бойдақтық өмірімен қош айтыспақ.

Пікір жазу