Гостиницы в Алматы
2016-11-11 12:06:04 287 0

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева өзіне "Қашан ана атанасың?" деп мазалай беретіндерді сөгіп, оларды орнына қойды. Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Өзіне оның жеке өміріне қатысты күнделікті түрлі сұрақтар қойылатын айтып, налыған Ділназ оларды сөгіп тастады. Мәселен, "Неге бала тумай жүрсің?", "Күйеуің қайда?", "Саған ана атану керек", - деген сынды кеңестерден әбден мезі болған әнші олардан тыныштық беруді сұрады.

"Тезірек бала ту деген не сөз? Олар менде қандай проблема барын қайдан біледі? Иә, әлі өмірге бала әкеле алмадым. Мүмкін, денсаулығымда кінәрат бар шығар, сіздер білмейсіздер ғой. Мен өзім қалаған кезде, Алланың қалауымен  ана атанатын болам. Ал әзірге, өтінерім, менің құрсағымды жайына қалдырсаңыздар екен , - деді ол.

Пікір жазу