Гостиницы в Алматы
2016-04-06 10:29:29 241 0

Америкалық "The Exchange" а капелла тобы Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдында бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Экспресс-К басылымы. Сондай-ақ әлемге танымал "Uptown Funk" хит әніне кавер-нұсқаны Қызылорда-Шымкент бағытындағы пойызда орындап, бейне ролик түсірген. Бейнеролик интернетте танымал болып жатыр. Facebook желісіне жүктелген видеоны бір тәуліктің ішінде 35 мың адам қарап үлгерген.

Әртістердің Қазақстандағы гастрольдік сапары аяқталуға жақын. 28 наурыздан бері әншілер Астана, Қызылорда, Алматы қалаларында концерт қойған. "Қазақстан мен АҚШ арасындағы 25 жыл достықты ескере отырып, бізбен бірге ән салғандарыңызға рахмет" - деп жазған жігіттер Инстаграм парақшасында.

Жігіттер сондай-ақ, қазақстандық көрермендерге жылы қабылдағандары үшін алғыстарын айтты. Астанадағы концертте "The Exchange" тобының жігіттері "Дударай" әнін орындап, тыңдармандарының көзіне жас алдырған еді.

Естеріңізге сала кетейік, "The Exchange" а капелла тобы 2012 жылы Нью-Йоркте құрылған. Топ бес әншіден тұрады. "The sing-off" музыкалық теле-шоуының финалистері. 2014 жылы "Backstreet Boys" тобының Еуропалық турында бірге өнер көрсеткен.

 

Пікір жазу