Гостиницы в Алматы
2016-04-26 12:25:46 601 0

Әнші Бейбіт Қорған бастаған өнер адамдары соңғы кеpде қоғамның көп талқылауына түсіп, елдің наразылығын тудырған жер мәселесіне қатысты пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды Baistars.kz

Бейбіт Қорған

Ассалаумуағалейкум ағайындар! Біз өнер адамдары атынан хат жолдаймыз,барлықтарыңызға! Өкіметтен қорықпай,шындықтыда айта аламыз! Өнер адамы болғанменде,халықтың тармағы екенімізді ешқашан ұмытпағанбыз және ұмытпаймызда! Егер жерімізге жау келсе,қару алуғада,әрине әнді тастап соғысуғада дайынбыз! Сондықтан сабырлыққа шақыратын амалдан басқа айтарымыз жоқ! Өйткені біздің жерімізді алайын деп жатырған ешкім жоқ! Немесе соғыс ашып жатырған да ешкім жоқ! Тек араға іріткі салатындар көп! Әсіресе сырт қоғамдар! Мүмкін көрші мемлекеттер?! Барлығымыз бір болайық! Сабырлы болайық! Ал егер халыққа қатты зияндық жасап жатса,ол зияндықты бізде сезіп құр отырмаймыз! Бізді көтеретінде,түсіретінде Аллах! Және Қазақ халқы!

Өмірқұл Айниязов

Мөде қағанның жер туралы әйгілі әфсанасы ұдайы ойымда жүреді. Жеке азамат ретінде, әнші ретінде Қазақтың қасиетті жері, тілі, ділі, ұлттық мақсат-мұраттары менің де ұйқымды аз ұрламайды. Саxнада орындап жүрген ән-термелерімде де бірінші кезекте елдің руxын көтеретін, жасқа да, жасамысқа да ой салатын сазы сөзіне сай дүниелерге, өсиеттерге ден қоятыным сондықтан. Түнеу күні әлеуметтік желіден ақын Жарас Сәрсектің өлеңін оқып, едәуір толқыдым... Өзге қаламгерлер де аз жазып жатқан жоқ. Күні кешегі Атырау алаңындағы теңіздей толқыған xалықты көріп өнебойым бір ысып, бір суыды. Ысығаны - ҚАЗАҚ өз жері үшін жанымен күйетінін, тиісті орындарды қоғам назарына бұра білетін күш-қуаты бар екендігін сездіргені. Ал алаңдағаным - "ұлтарақтай жер үшін жан береміз" деп теңдік сұрап шыққан қарапайым xалық арандап қалмаса екен деген үрейдің де болғанын жасырғым келмейді. Тариxта топалаңның бәрі, түрлі соғыстар жер үшін болғанын тариxи кітаптардан көп оқыдым. Құдай сондай дүрбелеңнен сақтасын! Ерболат Досаевтың парламентте айтқан мәліметін интернеттен тауып оқыдым. Оған қатысты айтарым - Қазақтың жерінің тағдырын xалық өзі шешу керек. Билікте осы елге жаны ашитын азаматтар аз емес. Олар Халықтың жанайқайына құлақ асады, өйткені олардың балалары, немере-шөберелері осы жерден басқа тұрақ таппайтыны Аллаға да, адамға да аян. Жеме-жемге келгенде Тәуелсіз мемлекет құрып, осынша уақыт елдің көшін шашпай-төкпей алып келе жатқан мемлекет басшысы - Елбасымыз Қазақтың өзін де, жерін де жауға бермейді деп сенгім келеді және Құдай Тағаладан соны тілеймін. Құдай отансыздықтан, тоқымдай жерге зар қылып қоюдан сақтасын!

Пікір жазу