Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Мэнни Пакьяоның (59-6-2, 38 КО) келесі жекпе-жегі үшін үздік қарсыластар тізіміне кірді, деп хабарлайды Baq.kz.
Сондай-ақ, бұл тізімге Эдриен Бронер (5), Дэнни Гарсия (6), Амир Хан (7), Келл Брук (8), Кит Труман (9), кіші Эррол Спенс (10), Шон Портер (11) мен Теренс Кроуфорд (12) кірген.
Айта кетсек, бұған дейін Головкиннің бапкері Абель Санчес сұхбаттарының бірінде Пакьяомен кездесу үшін GGG салмақ тастауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Естеріңізге салып өтсек, жақында Мэнни Пакьяо Лас-Вегаста WBO тұжырымы борйынша әлем чемпионы титулы үшін америкалық Джесси Варгаспен қолғап түйістірді. Жекпе-жек 12 раундқа созылған, төрешілер бірауыздан жеңісті филиппиндікке берді. Пакьяо екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.