Гостиницы в Алматы
2016-12-22 11:49:32 409 0

Белгілі дизайнер Жадо әнші Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді деп хабарлайды Juldyz.kz.

Бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Жадоның кәсіби білімі барына күмәнданып әлеуметтік желі арқылы оны сынға алған еді. Сондай-ақ, білім алу үшін Темірбек Жүргенов атындағы академияға түсуі қажет екенін де айтқан.

"Мозги иногда надо все таки вкл! Понимаю с 10 классным образованием далеко не уедешь, и так тебе нечего делать, поступай к нам в академию Жургенова... Семіріп, әліңді білмей әлек болғанша, сауатыңды аш. Никогда не поздно.Век живи - век учись",- деп жазды Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Біз әрбір айтқан сөзімізге жауап беруіміз керек. Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасында сот отырысы болады. Меруерт Түсіпбаева Жадоны оқымаған деп сынаған еді, біз сотта оның білімі барын дәлелдейміз",-деді дизайнердің продюсерлік орталығы.

 

Пікір жазу