"Тоқтардың ең бір жақсы қасиеті – оның есте сақтау қабілетінің күштілігінде. Онысына әлі күнге дейін таңғаламын. "Әлгі жігіт қой, әлгі кісі ғой, есіңде ма?" деп бәрін танып жүреді. Жалпы Тоқтардың таңғалатын қасиеттері көп. Ақындығы бір бөлек. Табан астында ойдан құрастыратыны бар. Сосын аңшылық өнері бар. Екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Қалжыңбастығы бар. Қазір көп көре бермеймін. Өйткені "қайда кетті?" деп сұрасаң "аңға кетті" дейді. Қыс болса қасқырдың, жаз болса үйректің соңынан кетеді. Кейде сағынып жатамыз. Ылғи аң жақта жүреді. Не атып жататын қайдам, әйтеуір атып жатады.
Сосын ат құмарлығы бар. "Көп аттарым бар, мықты-мықты жануарларым бар" дейді. Бірақ "Тоқтардың аты келіпті" дегенді өзім естіген емеспін. Өзі де өнерде, аламан бәйгеде шауып жүр ғой. Енді аттары келсе екен. Соны тілеймін", – деп Мейрамбек Беспаев қалжыңмен сөзін аяқтады.
Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаев танымал композитор Алтынбек Қоразбаевтың шәкірттері.