Танымал продюсер Баян Есентаева есін жиды. Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін айтуда. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы әзірге бұдан өзге ақпарат бермеді.
Ал сол арада, БАҚ-та Баян Есентаеваның жұбайы қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болды. Бақытбек Есентаев уақытша оқшаулағышқа қамалған.
Ол өз әйеліне пышақ жарақаттарын салды деген күдікпен үш тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары Алматы облысының ІІД-не сілтеме жасап.
Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі NUR.KZ порталының тілшісіне Есентаеваны жарақаттаған күдіктінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.
Ол оныншы маусым күні кешкісін құрықталған. Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кеткені туралы хабарланған болатын.