Гостиницы в Алматы
2016-11-08 17:26:14 46 0

Boxing P4P News твиттерде оқырмандарына 2017 жылы Мэйвезер мен Покьяоның реваншы ма әлде Головкин – Канело кездесуі қызығрақ па деген тақырыпта сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға қатысқан оқырмандардың 79%-ы Геннадий Головкин және Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекті көргісі келетіндігін білдірген. Ал 21%-ы 2017 жылы Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяоның реваншын таңдаған.

Еске сала кетейік, Мэйвезер - Пакьяо жекпе-жегі 2015 жыл 2 мамыр күні өткен болатын. Кездесу қорытындысы бойынша Мэйвезер жеңіске жетті. Екеуінің жекпе-жегі 500 млн доллар табыс алып келген еді.

Головкин мен Канелоның промоутерлері арасында 2017 жылы жекпе-жек өткізу туралы ауызекі келісім бар.

Пікір жазу