Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Бекжанов іріктеу кезеңінде қырғыз балуаны Еламан Доғдырбекұлын 5:1 есебімен жеңсе, 1/8 финалда жергілікті балуан Зсомбор Истванды 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Михаил Саваны (Молдова) 0:7 есебімен таза жеңді. Жартылай финалда Нобуоши Такоджиманы 6:10 нәтижесімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Қазақстандық балуан ақтық сында ресейлік Магомед Курбаналиевпен белдеседі.
Тағы бір балуанымыз Асхат Ділмұхамедов грек-рим күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда түрік балуаны Аслан Атемге бір ұпай айырмашылығымен (3:2) жеңіліп, финалға шыға алмады. Енді Ділмұхамедов қола жүлдеге таласатын болады. Оның қарсыласы жергілікті балуан Laszlo SZABO.
Ал әйелдер күресінен 60 келі салмақтағы Айлым Қасымова да қола жүлдеге таласады. Ол жартылай финалда америкалық балуан қызға жол берді. Ендігі қарсыласы канадалық Linda MORAIS.