Гостиницы в Алматы
2016-04-15 13:11:11 755 2

Меруерт Түсіпбаеваның тағы да жанжал ортасында қалды. Кеше ғана әншінің отбасылы ер адамға ғашық болғаны жайлы сұхбаты шыққан еді. Көпшілікке әншінің бұл әрекеті ұнамаған болса керек, жұрт әншіні жерден алып, жерге салды. Осыған байланысты әнші өз пікірін білдірді.

"Ағайын! Бір сайтта менің сұхбатым шықты, тақырыбын әдейі айқайлатып қойып, рейтингтерін көтергісі келіпті. Осылайша мен тағы да не істерлерін білмей, тілдерімен орақ орып жүрген, виртуал әлемнің вандалдарының ортасында қалдым. Елді дүрліктірген тақырыпты мен сөз арасында айта салғанмын, ал ол енді елдің аузында жүр, өйткені тақырыпқа солай деп берілген. Адамдарға сұхбатта айтылған өзге ештеңе қызық емес. Оларға тек біреудің кір іш киімін талқылау ғана қызық. Егер осы сіздерге қызық болса - жол болсын. Не деймін басқа? Өмірлеріңіз осылай бос, өсек-аяңның ортасында өтсін. Ең бастысы, қазір менің жанымда ең керемет, мені түсінетін, мейірімді және жомар еркек бар. Отбасым, жақындарым, достарым және ұлым қасымда. Ит үреді - керуен көшеді. Ұли беріңдер - маған осылай көңілді!" - деп жазды Түсіпбаева.

Пікірлер

  • Айболат
    Жарайсың! Айта берсін жұрт
  • Гульнара
    Бұдан да үндемей қоя салмадыңыз ба

Пікір жазу