«Феникс» қандай жоба?
«Феникс» - 2014 жылы режиссер Талғат Жәнібеков түсіріп бастаған ғылыми-фантастикалық жоба. Фильмді АҚШ, Ресей және қазақстандық студиялар бірлесіп түсіруі керек болатын. Сюжетте Кеңес үкіметі ғалымдары Аман Ахметов пен Сергей Скворцовтың Жерді үлкен апаттан қалай аман алып қалғаны туралы оқиға суреттелген.
Фильмнің тизері
Арыстанбек Мұхамедиұлы және режиссер Талғат Жәнібеков
2014 жылы голливудтық «Aldamisa Entertainment» компаниясымен байланысы бар ресейлік «Алдамиса Рус» ұйымы және «Қазақфильм» арасында «Феникс» атты фильм түсіру туралы келісімге қол қойылады. Киноның жалпы бюджетінің тең жартысын, яғни 550 млн теңгені «Қазақфильм» беретін болады. Бұл қаржының 100 млн теңгесін киностудия орындаушы тараптың есебіне аударып та үлгереді. Қомақты сома игеріледі, алайда қазан айында Мәдениет министрлігіне басшылыққа келген Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаның ары қарайғы қаржыландырылуын тоқтатып тастайды. Мұндай қадамға не себепті барғанын министр түсіндірмейді.
Осы сәттен бастап жоба режиссері Талғат Жәнібековтің министрмен арақатынасы нашарлап кетті. Алдымен Т.Жәнібеков бастаған фильмнің түсіру тобы мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, жұмыстың тоқтап қалғанын, ақша бөлінбей жатқанын айтып, мәлімдеме жасайды. «Қазақфильм» бұған келісім-шарт бойынша міндеттемелер толық орындалып жатыр деп жауап береді.
2016 жылдың 21 шілдесінде Талғат Жәнібеков «Феникс» түсірілімінің қаржысыз, тұралап қалғанына Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптап, оған «ұры» деген кінә тағып, видео жариялайды.
Мәдениет және спорт министрі өзіне тағылған айыптың жала екенін айтып, режиссердің үстінен сотқа арыз түсіреді.
2016 жылдың 28 қазанында «Феникс» фильміне министрлік тарапынан бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен картина режиссері Талғат Жәнібековтың өзі қамауға алынды.
Оған дейін «Қазақфильм» студиясының атқарушы директоры Гауһар Ысқақова тергеу изоляторына жабылған болатын.
Министрлік келтірген дәйектер
Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, фильм түсірілімі жұмыстары үшін кезекті соманы аударар алдында ведомство қызметкерлері жоба командасының шын мәнінде голливудтық «Aldamisa Entertainment» компаниясымен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отырғанына көз жеткізгісі келеді. Алайда Мәскеудегі «Алдамиса Рус» ұйымы отырады деп көрсетілген мекенжай бойынша қоймалар орналасқан болып шығады.
Министрлік Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне сұраныс жібереді. 1 қараша күні Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джордж Кролл Today.kz сайтында Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары Ғалым Ахмедияровтың атына жазылған жауап хат жариялайды. Хатта ол «Aldamisa Entertainment» және ресейлік «Алдамиса Рус» ұйымдарының арасында қандай да бір байланыс бар екенін растай алмайтындығы туралы айтады.
Жаманқұловтың «Феникс ісіне» қандай қатысы бар?
Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильмінің бас продюсері қызметін атқарған, сонымен қатар басты рөлді сомдау керек болатын.
2016 жылдың 2 қарашасында Қазақстанның халық әртісі жобаны түсіруге бөлінген қаражатты қымқырды деген күдікпен ұсталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу барысында "Қазақфильм" АҚ-ның фильм өндірісінің дайындық кезеңдеріне деп Тұңғышбай Жаманқұлов құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есебіне 79 млн теңге көлемінде қаражат аударғанын анықтаған.
Ведомство таратқан хабарламада аталған соманың 69 миллион теңгесі мердігер ұйымдардың көмегімен қолма-қол ақшаға аударылып, Жаманқұловқа беріліп отырған деп көрсетілген.
3 қарашада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға қолғабыс жасауға дайын екенін мәлімдеді.
Министр бір апта бұрын Т. Жаманқұловтың Астанаға арнайы келіп екеуінің арасындағы бұрынғы араздар үшін кешірім сұрағанын айтты.
«Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын. Кепіл беруге де дайынмын. Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па - сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
4 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильміне бөлінген қаржының бір бөлігін жымқырғанын мойындады деп хабарлайды.
" Тұңғышбай Жаманқұлов қорғаушысының көзінше "Феникс" фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады, өз ісіне өкінді және шығынды өтеп беруге уәде етті. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жазылған арыз шығынды толықтай өтегеннен соң қарастырылады.
"3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және танымалдығы, жасы және кепіл мүлік қалдыруына байланысты, "кепілақымен босату" бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді бюро өкілдері.

Пікірлер